Жастар мәслихатының ұйымдастыруымен “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ базасында Петропавл қаласы кәсіпорындарындағы Жұмысшы жастар істері жөніндегі комитеттердің кездесуі өтті.
“Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ-ның Жастар істері жөніндегі комитеті 2013 жылы ғана құрылды. Соның өзінде энергетиктердің жастар ұйымы болашаққа сеніммен қарап, кәсіпорында және одан тысқары жерлерде азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде танытып жүр.
Жас энергетиктер тәжірибесі қалыптаса қоймаған оқушыларға залал шекпес үшін электр қуатымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді, жас өскіндер егуді ұйымдастырады, саламатты өмір салтын ұстануға үгіт-насихат жүргізеді, ҰОС ардагерлерін құттықтайды, ЖОО түлектеріне жұмыс берушілерді таңдауға көмектеседі.
Басқа кәсіпорындардың жастарымен кездесу кезінде жұмысқа орналасу, жұмысшы жастарға қолжетімді тұрғын үй беру, өңірлік проблемаларды шешу, Қазақстан Республикасында жастар саясаты туралы жаңа заң жобасын жасау сияқты өзекті мәселелер талқыланды. “Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ өкілдері шара барысында тағы да белсенділік танытып, қызықты ұсыныстар енгізді, айтысты және өздерінің ұстанымдарын қорғады.
“Солтүстік Қазақстан ЭТК” АҚ-ның жұртшылықпен байланысжөніндегі бөлімі.