Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында итальялық күміс көмей әншілердің қатысуымен концерт өтті.
Опералық ән өнерінің туған жері Италия екендігі даусыз. Атақты опералық әнші Лучанно Павароттидің өзі бір төбе. Осындай жезтаңдай әншілер мектебінің өкілдері қызылжарлықтарға өнер көрсетті.
Баритон дауысты Массимилиан Фикера мен тенор Даниель Занфардино В.Моцарттың, Дж. Россинидің, Э.Капуаның, Дж. Вердидің, Р.Леонкаваллоның туындыларын облыстық филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындады. Оларға Абзал Мухитдинов пен Сергей Имашбаев дирижерлік етті.
(Өз тілшімізден).