«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛІККЕ СҮРЛЕУ САЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жас Отан” жастар қанаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыстың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен бірге жастардың белсенділігін арттыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыруда. Солардың бірі – жас саясаткерлердің “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филалымен бірлесе отырып, өткізген семинары.

Онда жеке кәсіппен айналысуға ниеті барлар мен өз ісін дөңгелете бастаған жас кәсіпкерлерге іскерлікті дамыту жолдары туралы ақпарат берілді. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Алексей Рудаковтың айтуынша, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша жастардың төменгі пайызбен несие алуына, кәсіпкерлік біліктіліктерін арттыруға, жұмысқа орналасуларына жәрдем көрсетілуде. 2011-2013 жылдар аралығында “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша 131 жас буын өкілі өз кәсібін бастаған. Осы жолдары 121 жас отбасы болашағы жоқ деп танылған ауылдардан көшіріліп әкелініп, әлеуметтік қолдау тапты.

“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ филиалы директорының орынбасары Бәтима Қажырахымова еліміздегі жас отбасыларға тұрғын үй алуға арналған бағдарламалар туралы айтып, оған өтініш берудің жолдары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Әсия Дулатова “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы жастар үшін өмір жолын таңдауға, өз еңбек жолын бастауға қолайлы деген ойын жеткізді. Ал “Даму” қорының кеңесшісі Әскер Қабыкенов жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңейтілген ақпарат берді.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp