«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының екі оқушысы Мәскеу қаласында өткен В. Вернадский атындағы жасөспірімдердің халықаралық ғылыми жобалар байқауынан жеңіспен оралды. 

Қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Бексұлтан Құлмағамбетов пен Эдуард Батырбеков “Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылу себептерін зерттеу” тақырыбын бірлесіп қорғаған. Олар аталмыш жобамен бір жыл жұмыс істеген. Оқушылардың сынып жетекшісі Біржан Шаймарданның айтуынша, бұл жоба облыстық ғылыми жобалар байқауында бірінші орын алған, республикалық кезеңде жүлдегер болған. Енді, міне, өрендер еңбектерін В.Вернадский атындағы халықаралық байқауда сынға салды.

– Балалардың құқықтарының бұзылуына қатысты ақпараттарымызды толықтырып, деректер жинадық. Зерттеу барысында ата-аналар мен балалар өздерінің құқықтарын білмейтінін аңғардық. Мысалы, балалардың көпшілігі өздерінің құқықтарын қорғайтын Конвенцияның бар екенін білмейтініне сауалнама барысында көз жеткіздік. Ең басты мәселе – балалардың құқықтық сауатсыздығында. Мектепте “Құқықтану” пәні оқытылғанмен, балалардың құқықтары жеткілікті қамтылмаған, – дейді оқушылар.

Мәскеу қаласында өткен олимпиадада шамамен 600 жұмыс қорғалды. Солтүстікқазақстандық оқушылардың жобасы “Экономика, әлеумет және құқық секциясында” қазылар алқасының назарына ұсынылды. Жоба бірінші орынды иеленді.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp