Облысымызда Ұлы Жеңіс құрметіне Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ, жеңілдіктері және кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына теңестірілген адамдарға 57,7 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Соның ішінде облыс әкімдігінің 2013 жылғы 24 қазандағы №356 қаулысына сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері 31,9 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдауға ие болады. Бұл сома 50 айлық есептік көрсеткіштен тұрады. Яғни, 92 600 теңге. Сондай-ақ, қайырымдылық сенбілігінен түскен қаржы есебінен Ұлы Отан соғысының 344 қатысушысы мен мүгедектеріне 8,6 миллион теңге (25 мың теңгеден) әлеуметтік көмек көрсетілмек. Сонда Ұлы Отан соғысының 344 қатысушысы мен мүгедегінің әрқайсысына 117 600 теңге төленетін болады.
Бұған қоса жеңілдіктері және кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген 1854 адамға 17,2 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын бұл сома 9260 теңгеден айналады.
(Ресми ақпарат).