«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МЕРЕЙ” МЕКТЕБІНЕ – 10 ЖЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бескөл ауылында орналасқан “Мерей” өнер мектебі 10 жылдық мерейтойын Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде атап өтті. 

Қазіргі таңда 300 шәкірт тәрбиелеп отырған мектепте 4 бөлім бойынша қосымша білім беріледі. 2004 жылдың 19 сәуірінде ашылған мектептің шәкірттері – облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Көптеген додалардың шыңын бағындыра алған балғындарға 20 ұстаз білім береді. Бір онжылдықтың ішінде 30-дан астам түлек қанат қаққан.

Мерейтой иелерін Қызылжар ауданының әкімі Еркебұлан Кәменов құттықтап, аудан және облыстың мәдени өміріндегі мектептің рөлін атап көрсетті. Өңірде қосымша білім беретін 10 аудандық мектептердің ішінде аталмыш өнер ордасы үздіктер қатарында екендігіне тоқталған ол бірқатар қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттап, мектепке бейнекамера сыйға тартты.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. “Шашу” домбырашылар ансамблі “Желдірме”, “Нәр агачи” күйлерін орындады. Мектептің бишілер ұжымы ұлттық билерді билеп, жас өнерпаздар “Детство”, “Ұстазым”, “Мектеп вальсі” әндерін шырқады.

 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp