«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АНТИКОНТРАФАКТ” ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2014 жылғы 21 мамырда Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында VІІ Астана экономикалық форумының шеңберінде “Антиконтрафакт” форумы өткізіледі, оның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

“Антиконтрафакт” форумы бұл – контрафактілі өніммен күрес, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыру саласында билік, бизнес, ғылым өкілдерінің, құқық иеленушілердің, өндірушілердің, авторлар мен жұртшылықтың сындарлы сұхбат құруына арналған халықаралық алаң.

“Антиконтрафакт” форумында:

– контрафактілі, жалған және сапасыз өнімнің айналымына қарсы іс-қимыл проблемалары;

– тағамдық және фармацевтикалық қауіпсіздік;

– Интернетте пираттық музыкалық аудио және бейнеөнімнің таратылуы мәселелері;

– сондай-ақ, Кеден одағы шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды үйлестіру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

“Антиконтрафакт” форумының аясында бес сессия өткізілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp