“Су жүргізу-кәріз жүйесін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру” инвестициялық бағдарламасы аясында “Қызылжар су” ЖШС-нің 2012 жылғы қаңтар айында жасалған ақпараттық сайты жаңартылып, тұтынушылар үшін кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен танысу мүмкіндігі туды.
Үш айға созылған техникалық жұмыс барысында сайттарға қойылатын заманауи талаптардың барлығы дерлік ескеріліп, “Москводоканал”, “Минск водоканал”, “Тюмень водканал”, “Астана су арнасы”, “Қарағанды су” сияқты әлемдік су арналарының Интернет-ресурстарына талдау жүргізілді. Төртінші версиялы РНР бағдарламалау тілінде жазылған сайтта, сондай-ақ, МуSQL мәліметтер базасын басқару жүйесі де оңтайландырылған. Сайтты жаңарту барысында көзделген басты мақсат – кәсіпорын беделін қалыптастыру және қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету. Тұтынушы мен кәсіпорын арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту мақсатында алдағы уақытта анықтамалық-ақпараттық қызметті (CaII-центр) жандандыру жоспарланып отыр.
Эльмира КАБДУЛИНА,
“Қызылжар су” ЖШС-нің баспасөз хатшысы.