«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕС РАДИОӘУЕСҚОЙЛАР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында жылдам радиотелеграфия бойынша Қазақстанның біріншілігі өтті. 

Сайыстың қорытындысы бойынша төрт жас топтарының барлығында да жерлестеріміз топ жарды. Сондай-ақ, қызылжарлық құрама команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты. Атап айтқанда, “Ж-16” санатында Кристина Панова жеңімпаз атанса, “М-16” санатында жерлестеріміз Азамат Төлегенов, Азамат Мұстафин және Дмитрий Панов үздік үштіктердің қатарында болды. Жастар тобында сайысқа түскен ІІМ Әскери институтының курсанттары Төлеген Асхатов, Мерей Шоқыбаев және Ержан Ботаевтан жасақталған топ алтыннан алқа тағынды. Ерлер арасында радио спортына өмірінің 50 жылын арнаған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виктор Филипенко жеңістің биік тұғырына көтерілсе, Ақан Тұрлыбаев екінші болды.  

Сайыс қорытындысы бойынша 1271 ұпай жинаған Солтүстік Қазақстан облысы – бірінші, ал Ақмола мен Қостанай облыстары екінші және үшінші орындардан көрінді.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp