«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РУХАНИ КЕЛІСІМ – РИЗЫҒЫМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында біздің Ақбұлақ ауылында “Діни экстремизм” деген тақырыпта өткен басқосуға Чехов орта мектебінің психологы Зәуреш Мұқышева келді. Аталған тақырып бойынша пікір алысуға мектеп оқушылары, жастар мен ауылдық округтің қызметкерлері ниет білдірді.

– Діни экстремизмнің отын тұтатушылар қоғамдағы бірліктің, ұлттардың тату-тәтті тұрмысының, рухани келісімнің іргесін сөгуге тырысады. Олар өздерінің көздеген саяси мақсаттарына жету үшін діни оқшаулануды пайдаланады. Дін – адамдардың рухани тірегі. Ол ізгілікке, бауырмалдыққа, адам жанын түсінуге, оған жанашырлық танытуға, айналаңдағы өзге ұлттар өкілдерімен жарасымды, сыйластыққа негізделген қарым-қатынасқа арқау болуы керек, – деді З. Мұқышева.

Діндердің қай-қайсысының болсын берер тағылымы – осы. Өкінішке қарай, діни арандатушылардың азғыруына жасамыс, өмірлік таңдауы қалыптасқан адамдар емес, жастар ереді.

Міне, бұл жайында округ әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері Гүлмира Сәндібекова, славян этномәдени орталығының төрайымы Лариса Винниченко және мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы Светлана Тюленева орайлы әңгімеледі.

Қоғамда, әсіресе, жастар арасында, діни радикализм мен экстремизмнің ұшқын тұтатуына, дәстүрлі емес секталар мен күмәнді ағымдардың пайда болуына қарсы тұруға, олардың іс-әрекеттерінің жолын кесуге негізделген ой-пікірлер басқосудың өзегі болды.

Валентина ЧЕРНОВА,

кітапханашы.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp