Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіне қарасты “Қазақстан су шаруашылығы” РМК-нің “Есіл су” филиалы Қызылжар өңірінің 11 ауданы мен Қостанай облысының екі ауданына қарайтын елді мекендерді, барлығы 221 мың адамды таза ауызсумен қамтамасыз етеді. Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары тартылған торапты су құбырларының жалпы ұзындығы 2678,965 шақырымды құрайды.
“Есіл су” филиалының мүліктік кешеніне жалпы өнімділігі 28 мың текше метр/сағатты құрайтын 20 сорғы станциясы, жалпы өнімділігі тәулігіне 250 мың текше метр болатын 4 су тазартатын станция, 32 таза су сақтайтын қойма жатады.
Энергетикалық құрал-жабдықтар құрамына жалпы қуаттылығы 47 МВт болатын 35 трансформатор қосалқы станциясы, 470 шақырымдық электр қуатын беретін кабель желілері, 61 шақырымдық электр қуатын беретін әуе желілері, жалпы электр қуаты 23 МВт-ны құрайтын 94 сорғы агрегаты, жалпы қуаты 12 Гкал/сағат қатты отынмен жұмыс істейтін 16 өндірістік қазандық, су құбырлары құрылысының өндірістік алаңдарында орналасқан 5 шақырымдық жылу жүйелері кіреді.
“Есіл су” филиалына орнатылған нысандардың электр қуаты – 47,3 МВт, тұтынатын сағаттық қуаты – 10 МВт. Аталмыш өндіріс орнына қарайтын барлық кәсіпорындар 2013 жылы 12,5 млн./сағ. электр қуатын тұтынды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 0,5 млн. КВт./сағатқа немесе 4 пайызға кем. Оған сорғы агрегаттарының электрдвигательдерін жиілікпен басқару станциясын енгізу және ұзақмерзімді жады бар электрондық есептегіш құралдарын коммерциялық есептеу нүктелеріне орнату, үшставкалы тарифке сараптап жіктеуге бағдарланған аспаптар қою сияқты өндіріс циклінде жаңа технологияларды пайдалану әсер етті.
Берілген ауызсудың энергиялық сыйымдылығы (тұтынушыларға берілген 1 текше метр суға кететін электр қуаты) электр қуатын тиімді пайдаланудың көрсеткіші болып табылады. 2013 жылы “Есіл су” филиалы бойынша бір текше метр судың энергиялық сыйымдылығы 3,7 кВт./сағатты құрады, ол 2012 жылы – 3,9 кВт./сағ., 2011 жылы – 4,0 кВт./сағ., 2010 жылы – 4,5 кВт./сағ. болды. Осының өзі өндірілген өнімнің энергиялық сыйымдылығының жыл сайын азайып келе жатқанын байқатады.
Өндірістік процестердің сапасын үнемі арттыру саласында жоспарлы саясат жүргізудің және қуат үнемдеу технологиясында жоспарлы стратегияны қолданудың арқасында торапты су құбырлары жұмысында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Торапты су құбырларында электр қуатын пайдалану көлемі сорғы агрегаттары жұмысының тиімділігіне, торапты су құбырларындағы апаттардың санына, оларды қалпына келтіру уақытына, электрмен қыздыратын және жарықтандыратын аспаптардың тиімділігіне байланысты болады.
Электр қуатын үнемдеу сорғы агрегаттары жұмысының оңтайлы режімдерін таңдау және жұмыстың қажетті уақытын дәл анықтау есебінен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, дәл реттемеуден судың мол шығынына жол беретін және фильтрлерді шаю режімін бұзатын су тазалау станцияларында электржетекті ысырма тиектерді реттеу ерекше зор маңызға ие. Электр қуатын үнемдеудің басты резерві – торапты су құбырларында апат санын азайту, апатты жою уақытын кеміту және апат байқалған жағдайда сорғы агрегаттарындағы жұмыс режімін өзгерту.
Ұйымдық шаралар бірінші кезекте өндіріс процесінде барлық деңгейдегі басшылардың және қызметкерлер құрамының электр қуатын пайдалану жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бөлімшелердің барлық қызметкерлерін энергия үнемдеу бойынша жұмысқа тарту, оқыту және түсіндіру қарастырылады. Ынталандыру жүйесін қолдану, нақтырақ айтқанда, фактіге негізделген нәтиже үшін сыйақы тағайындау жақсы нәтиже береді.
Техникалық шаралар басқаларға қарағанда шығынды болып есептеледі, оларды орындау зерттеулер жүргізуді, жаңа құрал-жабдықтар алуды, құрастыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Мұндай энергия үнемдеу шараларына мол қаражат және сол шығынның орнын толтыруға көп уақыт, тиімділігіне қарай 3-тен 8 жылға дейін жұмсалады.
Алайда, сыртқы автоматты басқару жүйелерін, жылу реттегіштер орнату мол қаражатты қажет етпейді және тез өтеледі, мысалы, айына 10 сағат бойы қуатты 250 кВт-тық сорғы станциясын өнімсіз пайдаланғаннан гөрі жаңа технологияның экономикалық нәтижесі пайдалы болады.
Жұмыс режімін оңтайландыру, электр қуатын үнемдеу, сорғы агрегаттарының электрдвигательдері қызметінің мерзімін ұзарту мақсатында “Есіл су” филиалы 2012 жылы сомасы 18,3 млн. теңге болатын “Сорғы агрегаттары топтарының өнімділігі жиілігін реттеуді енгізу” инвестициялық жобасын жүзеге асырды. Соның нәтижесінде 2013 жылы 400 мың кВт./сағ. немесе 30 пайыз электр қуаты үнемделді, үнемделген қаражат 4 млн. теңге болды. Двигательдерді жөндеуден үнемделген қаражатты есептегенде, пайдаланудың барлық кезеңіндегі экономикалық нәтиже 8,5 млн. теңге болды. Осындай тиімді мысалдарды басқа сорғы станцияларынан да келтіруге болады.
Қазіргі уақытта “Есіл су” филиалының торапты су құбырлары нысандарында электр қуатын коммерциялық есептеу жүйесін жаңғырту” инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол автоматты есептегіштер мен электр қуатын бақылауды (АСКУЭ) жүзеге асыруды мақсат етеді.
Кәсіпорынның жылу энергиясын тұтынуына келетін болсақ, энергия үнемдеу және жылу берудің сенімділігін арттыру мақсатында Петропавл қаласындағы әкімшілік және өндірістік ғимараттардағы сыртқы жылу желілері оқшауланған құбырлармен ауыстырылды. Нефтепроводная көшесі, 5 мекенжайындағы нысанның жылу торабына 2012 жылы жылу тасқынын реттейтін автоматты жүйе орнатылды. Жылу қуатына кететін шығынды үнемдеу 9 пайызды құрады немесе 150 мың теңге.
Геннадий СУРКОВ,
“Есіл су” филиалының
бас энергетигі.