«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ШАЛ АҚЫН” КӨКШЕТАУДА КӨЗГЕ ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жергілікті “Шал ақын” көңілділер мен тапқырлар құрама командасы Көкшетау қаласында өткен облыс әкімінің кубогын сарапқа салған фестивальға қатысып, екінші орынды еншіледі. Дарынды жастар Қостанай, Астана, Қарағанды қалаларынан келген әзіл-кештермен қатар өнер көрсетті.

Ойынның қорытындысы бойынша бас жүлде Рудный қаласының “Бес саусақ” құрамасының әзілкештеріне бұйырған. Сайыста қазылар алқасын терең мағыналы әрі тартымды әзіл-сықақтарымен таңғалдырған “Шал ақын” М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің болашақ журналистер және филолог мамандығына оқып жүрген студенттерден жасақталған.

Көңілді және тапқыр қыз-жігіттердің сахна төрінде өнер көрсетіп жүргендеріне небары үш ай ғана болған. Десе де, қысқа ғана уақыттың ішінде олар бірнеше байқауларға қатысып, қанжығаларын бас жүлдемен майлап үлгерген. Бұған наурыз айында Ақмола облыстық лигасының “Маусымашар – 2014” фестивалінде топ жарып, бас жүлдені олжалағаны дәлел. Жас құрама, сондай-ақ, “Қызылжар” аймақтық лигасының 1/8 финалы және дәстүрлі “Наурыз кубогы – 2014” ойындарында сәтті өнер көрсеткен.

  (Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp