«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАРЛЫҚТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі №807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы қосу жолымен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта ұйымдастырылды.

Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскері қайта құру жолымен ішкі істер органдарының бірегей жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта ұйымдастырылды.

***

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

***

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Қ.С.Уәлиев “А” корпусының кадр резервінде тұрған.

* * *

Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp