Непалдың Катманду қаласында ITF таэквандо бойынша Азия біріншілігі өтті. Байрақты додаға қатысқан солтүстікқазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Илья Хван арнайы техникада жеңімпаз атанса, тулда екінші орынға тұрақтады. 46 килограмдық салмақ дәрежесінде сайысқан спорт шеберлігіне үміткер Айнұр Қадырменова жеке спаррингте екінші болса, бірінші дан бойынша өткен жеке тулда үшінші, ал командалық спаррингте үшінші нәтиже көрсетті.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.