«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫҚ САБАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі істер департаментінде мемлекеттік тілді оқытып, дамытуға көп көңіл аударылады. Осы мақсатта ашық сабақ өткізілген болатын. Сабаққа қатысқан қызметкерлер өздерінің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендіктерін көрсете алды.

Жедел уәкілдер, тергеушілер мен ақпараттық-сараптамалық қызметтің қызметкерлері қазақ тілінің грамматикасымен танысты. Ашық сабақтың тақырыбы “Менің әріптесім” болғандықтан, полицейлер өздерінің жұмыстағы достары жайында сөз қозғады.

Жалпы ішкі істер органдарында қазақ тіліне оқытатын 15-20 адамнан тұратын 90 топ құрылған. Бұл топтардың құрамындағы қызметкерлер аптасына екі рет қазақ тілінің грамматикасын меңгеріп, сөйлеу мәнерін шыңдайды. Погон таққан оқушылар арасында өзге ұлттың өкілдері де аз емес. Олардың ішінде мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізіп, қазақша әңгіме-дүкен құра алатындары баршылық. Ирина Попова – ақпараттық-сараптамалық қызметтің инспекторы. Ол өзінің сабақта үйренгенін жұмысында қолдануға тырысады.

“Мен жасымнан қазақ тілін сүйіп оқимын. Сабақта үйренген сөздердің көбін жұмысымда пайдаланамын. Жұмысымның көптігіне қарамастан, сабақты босатпауға тырысамын. Бүгінгі сабақта да көптеген жаңа сөздер үйрендім. Сол үшін бізге білім беретін мұғалімім Айнұр Серікқызына ризамын”, – дейді Ирина Попова.  

Ішкі істер департаментінде қазақ тілін оқыту курстары мамыр айының сонына дейін жалғасады. Кейін полиция қызметкерлері өздерінің білімдерін тексеру мақсатында емтихан тапсыратын болады.

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp