Сегіз адамнан жасақталған “Поиск” қоғамдық бірлестігінің жасағы халықаралық “Еске алу вахтасына” Ресей Федерациясының Тула облысындағы Белевский ауданына бағыт алды.
“Біздің Жеңіс” қоғамдық қорының президенті Андрей Кошелев бастаған экспедиция мүшелері ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін тауып, жерлейтін болады.
Зор маңызы бар шараға осымен 10-шы жыл қатарынан қатысып отырған аталмыш ұйым сарбаздары бүгінге дейін 283 боздақтың сүйектерін тауып, оққа ұшқан 7 жауынгердің есімдерін анықтаған.
Іздеушілер тобы елге 11 мамырда оралады.
“Қызылжар-Ақпарат”.