«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАНА ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласын одан әрі дамыту жөнінде кеңес өтті.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бұрынғы жылдардағыдай қарқынды дамуын жалғастырып келе жатқанына тоқталды. Астанадан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер көлемі соңғы бес жылда екі есе артып, 60 млрд. теңгеден асқанына назар аударды.

– Келесі жылдан бастап қала ел бюджетінің донорына айналады. Өндірілген өнімдер көлемін, активтердің құнын ескере келгенде, Астана мемлекеттің жұмсалған шығынын қазірдің өзінде ақтады. Біз Қазақстанның ұлттық байлығына дамуын жалғастырып жатқан тұтастай бір қаланы қостық, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астананы дамытуға арналған қаражатты пайдаланудың тиімділігіне де назар аударды.  

– Былтыр қала бюджетінен әкімдікке бағыныстағы ведомстволардың өзіне ғана 85 миллиард теңге бөлінді. Бұл – елорда бюджетінің төрттен бірі. Сөйте тұра, аталған ұйымдардың 32-сі шығынға батып, 8-і банкрот жағдайында тұр. Мен бұл проблеманы жыл сайын айтамын, бірақ шығыстар оңтайландырылмайды, кәсіпорындар қысқармайды, бәріне осы ахуал қолайлы болып отыр. Бұл мәселені шешумен айналысқан жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Қалада үш жылда 330 шақырым жол жөнделген. Бірақ Мемлекет басшысы жол құрылысының сапасы төмендігіне және оны түбегейлі жақсарту қажеттігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев елордада Қазақстан бойынша қылмыстың ең жоғары деңгейі тіркелгенін айтты. Былтыр қылмыс саны 53%-ға, соның ішінде ауыр қылмыс екі есе көбейіп, олардың ашылу мөлшері 36% болған. Бақылау бекеттері үшін қала 2 млрд. теңге шығындады, бірақ олардың көмегімен қылмыстың ашылуы небәрі 1% болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Астананы тұрғындар үшін қауіпсіз қалаға айналдыру міндетін қойды.

Қазақстан Президенті Астананың және жалпы еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі 120 ел мен көптеген халықаралық ұйымдардың қатысуы көзделіп отырған “ЭКСПО – 2017” көрмесін абыроймен өткізу екенін айтты.

Akorda.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp