«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызметін өтейтін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. Шараға олардың туған-туыстары, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлері және Қарулы Күштер ардагерлері қатысты.

Бұл жолы әскер қатарына шақырылған 71 азаматтың 16-сы республикалық гвардияға алынса, қалғандары Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жіберілмек.

Болашақ жас сарбаздарды құттықтаған облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Еркінбек Байболов жастар арасында қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеудің маңыздылығын айтып, солтүстікқазақстандықтардың әскери борыштарын абыройлы атқаратындықтарына сенім білдірді. Сондай-ақ, көктемгі әскерге шақыру науқанында Ішкі әскер құрылымдарына 700 солтүстікқазақстандық аттанатынын хабарлады.

Содан соң сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Гершунов, республикалық гвардия өкілі, капитан Рәсім Мұсаев, ҚР әскери қызметінің ардагері, запастағы полковник Юрий Глумов жастарға ақ жол тіледі. Ал әскерге шақырылушылардың ата-аналарының атынан Зәуреш Темірова сөз алып, осындай тамаша мереке жасаған департамент қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Болашақ сарбаз Руслан Ахматов өздерінің Отан қорғауға дайын екенін айтып, Отан алдындағы әскери борышын адал атқаратындарына уәде берді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp