«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ ФЛЕШ-МОБ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мектеп оқушыларының қатысуымен солтүстікқазақстандық полицейлер “Отбасы. Жасөспірім. Көше” атты жедел-алдын алу шарасы аясында би флеш-мобын ұйымдастырды.

Облыстық Әкімшілік полициясы басқармасынының ұйымдастыруымен Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағындағы би алаңында өткен акцияға жүзден астам мектеп оқушысы қатысты. Полицейлер осындай ерекше тәсілдермен жеткіншектердің құқықтық сауатын арттыру шараларын қолға алып отыр. Ол жайында облыстық Әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Рақымжанов мәлімдеді.

Акция сұрақ-жауап сайысынан басталды. Бағдарламаны жүргізген қалалық Ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Александр Рязанов балалардан мінез-құлық ережесі, оны бұзған жағдайдағы қолданылатын шара сияқты түрлі сауалдарды қойып отырды. Құқықтық сауаттылығын көрсетіп, сұрақтарға дұрыс жауап берген мектеп оқушылары кәдесыйлармен марапатталды.  

Шара барысында полицейлер акцияға қатысушыларға арнайы парақшалар, күнтізбелер мен кеңсе тауарларын таратты.

Мерекелік шара би флеш-мобымен аяқталды. Мұндай акциялар жаз бойы өткізілмек.

Ольга ШИЯН,

 СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp