«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ы мен “Солтүстік машина жасау зауыты” ЖШС бірлескен Индустриялық аймақ құру туралы меморандумға қол қойды.

– Біздің меморандумға қол қоюдағы мақсатымыз – индустриялық аймақ құру. Ол “Солтүстік машина жасау зауыты” АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорын бұрынғы Шағын литражды двигательдер зауыты, онда жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік нысандары мен барлық инфрақұрылымдары, әкімшілік ғимараты, аспалы краны бар, кәсіпорын теміржол торабына қосылған, осылардың бәрі де жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ол – бизнес орталығын құруға, “Солтүстік” ӘКК индустриялық-инновациялық паркі” ЖШС-ін ашуға таптырмайтын орын. Бұл біздегі алғашқы жекеменшік индустриялық аймақ болмақ. Соның арқасында “Жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаулар алуға және оның барлық жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндіктер туады. Алдағы мамыр айының соңына дейін бірлескен кәсіпорын құру міндеті тұр. Ол үшін қазірден бастап индустриялық аймақтың тұжырымдамасын жасау қолға алынып, оған жергілікті кәсіпкерлерді тарту және кәсіпорынның толымдылығын қамтамсыз ету міндеті тұр, – деп “Солтүстік” ӘКК” ҰК” АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Омаров жиналғандар алдында қысқаша түсінік берді.

“Солтүстік машина жасау зауыты” ЖШС-нің бас директоры Илья Терещенко өздерінің облыс кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер беріп отырғанын айтып, жаңа индустриялық паркке қосымша инновациялық тапсырыстар түсетініне сенімді екенін білдірді. Содан кейін тараптар меморандумдық келісімге қол қойды.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp