«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

98,4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛІП АЛЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің орындауында 2014 жылдың басынан бері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөнінде 716,1 млн. теңге соманы құрайтын 36 158 атқарушылық құжат болды. 98,4 млн. теңге сомаға 9303 атқарушылық құжат бойынша жұмыстар аяқталды.

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі негізгі жүктеме Петропавл қаласы бойынша сот орындаушыларына түсіп отыр. Айталық, “Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің әкімшілік айыппұлдар өндіріп алу жөніндегі бөлімі” филиалының орындауында 488 миллион теңгенің атқарушылық құжаты болды. Соның 59 миллион теңгесі өндіріліп алынды.

Сот орындаушылары учаскелік инспекторлармен бірге борышкерлердің мекенжайына күн сайын барады. Сондай-ақ, қала ішінде және қалаға кіреберістерде әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілетін рейдтік шараларда арнайы деректер базасы бойынша автокөлік құралдарына тексерулер жүргізіледі.

Елена СКАКУНОВА,

облыстық Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp