“Кедергісіз келешек” партиялық жобасының аясында “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” жастар қанаты Петропавл қаласында 2014 жылдың сәуір және маусым айы аралығында қағаз қалдықтарын жинау бойынша қайырымдылық акциясын бастады. Жиналған қаражат төрт жастағы Әлихан Таласпайды емдеуге жұмсалады.
Қайырымдылық іс-шарасына қатысып, өз көмегін көрсетемін деушілер 36-20-78 телефонына хабарласса, жауапты адамдар тиісті жерге келіп, жарамсыз қағаздар мен кітаптарды алып кетеді.
(Өз тілшімізден)