«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ОРАЛХАН ОҚУЛАРЫ” Айыртауда аяқталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау аудандық Мәдениет үйінде көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу болып табылады.

Байқауға Петропавл қаласында және аудандарда өткізілген кезеңнің жеңімпаздары, 16-20 жас аралығындағы 14 үміткер қатысты. Олар прозалық, драмалық шығармалардан үзінді және мәнерлеп өлең оқудан сайысқа түсті. Сондай-ақ, үміткерлер Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Облыстық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, сахна әдебіне баса назар аударды. Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынға Тимирязев ауданының үміткері Дінмұхаммед Аяқбай лайық деп танылып, республикалық сайысқа жолдама алды. Сондай-ақ, “Прозалық шығармадан үзінді оқу шебері”, “Драмалық шығармадан монолог оқу шебері”, “Мәнерлеп өлең оқу шебері” аталымдары бойынша Алмагүл Төлегенова (Қызылжар ауданы), Кәмшат Узбекова (Шал ақын ауданы), Ләззат Тұрсынәлі (Аққайың ауданы) марапатталды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp