«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛЕСІП ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Адам саудасынан зардап шеккендерді анықтау, оларға құқықтық көмек көрсету тақырыбында өткен семинарда құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

“Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен семинарда заңсыз мигранттарды және адам саудасының құрбандарын анықтауда ішкі істер органдарының үлес салмағының зор екендігі айтылды. Қазақстандағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның өкілі Жұмажан Жолдасбеков ешбір мемлекеттің бұл проблемадан қорғалмағанын, бұл мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Орталық Азияда негізінен ер адамдардың еңбегі қаналады екен. ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарманың бөлім бастығы Семен Пактың мәлімдеуінше, өткен жылы ел азаматтарын Ресейге сатудың бірнеше фактісі анықталған. Ал үстіміздегі жылдың ақпан айында екі қызды сату кезінде бір ер адам ұсталды. Мұндай жағдайдың құрбаны болғандар Ішкі істер министрлігінің 11616 сенім телефонына хабарласулары немесе құқық қорғау органдарына жүгінулері қажет.

Семинар барысында жиынға қатысушылар екі топқа бөлінді. Құрамына ішкі істер органдарының, әділет, прокуратура, сот, әкімдік, еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау және білім салаларының өкілдері кіретін әр топ өңірдегі адам саудасы құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету бойынша өзара қарым-қатынас үлгісін ұсынды.

Ольга ШИЯН,

СҚО ІІД баспасөз

қызметінің маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp