«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫМ АСТАНАҒА БАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма Мемлекеттік тілді оқыту орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың арасында “Тіл мерейі” атты республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.

Байқауда облыс аудандары мен өңір орталығынан он төрт үміткер үйірмелерде мемлекеттік қызметшілерге сабақ берудің үрдістері мен іс-тәжірибелеріне сүйеніп, біліктіліктерін айғақтады.

Сайыстың шарты бойынша сынаққа түскендер бірінші кезеңде мемлекеттік тілді оқытып-үйретудегі өздерінің жұмыс әдістерін баяндауға тиіс болса, екіншісінде бұрын таныс емес тыңдаушыларға сабақ беруі керек.

Екі кезеңнің қорытындысынан соң қазылар алқасы бірінші орынға Аққайың ауданындағы Астрахан орта мектебінің мұғалімі Айым Қамырованы лайық деп ұйғарды. Екінші орынды Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим орта мектебінің ұстазы Самал Әбілқайырова иеленді. Үшінші орын еңбек өтілі 32 жылды қамтыған, Петропавл қаласы, Борки кентіндегі кәсіптік-педагогикалық колледждің оқытушысы Ақбөпе Жүсіповаға бұйырды. Жеке аталымдар бойынша Айнагүл Оразбаева (Тимирязев ауданы, С. Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназия), Сәния Журина (Айыртау ауданындағы Арықбалық мектеп-гимназиясы) және Шолпан Сафина ( Жамбыл ауданындағы Пресноредуть орта мектебі) марапатталды.

Байқау жеңімпазы Айым Қамырова қыркүйек айында Астанадағы республикалық сынаққа қатысады.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp