“Детство ”вокалдық тобының құрылғанына екі жыл болған. Топ жетекшісі – Елена Маликова.
Апалы-сіңлілі Карине, Марианна және Лианна Кехяндар облыс, аудан көлемінде өтетін мерекелік іс-шараларға қатысып, әр ұлт өкілдерінің билерін билеп, әннен шашу шашады. Есіл ауданының орталығы– Явленкаға өнерлі қыздардың ата-анасы осыдан сегіз жыл бұрын Армениядан көшіп келген. Талантты, талапты бұрымдылар өз тілдерін құрметтей отыра, қазақша, орысшаға да жатық. Білім мен өнердің қос тізгінін қатар ұстанған үш арудың мақсаты бір. Ол – болашағын би өнерімен ұштастырып, биік белестерді бағындыру.
– Біз бейбітшілік бесігінде тербеліп, бірлігі жарасқан елде тұрып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Осы жерде туып-өстік, білім алып, өнерімізді ұштап келеміз. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық арқасында түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мұның барлығы, әрине, Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткізген жетістік, – дейді апалы-сіңлілі қыздардың бірі Марианна.
Суретте топ жетекшісі Е. Маликова апалы-сіңлілі Кехяндармен бірге.
Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.
(Өз тілшімізден).