Қызылжар ауданындағы Боголюбово ауылының Ситово көлінде балық аулап жүрген 33 жастағы тұрғыны ағаш қайықтан суға құлап, мерт болды. СҚО ТЖД-нің суда құтқару қызметі оның мүрдесін судан алып шықты.
28 сәуір күні сағат 17.00-де суда құтқару қызметінің сүңгуірлері із-түзсіз жоғалған 57 жастағы балықшының өлі денесін Қызылжар ауданындағы Белое көлінен тапты. Ер адам 25 сәуірде балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Туыстары балықшының жоғалып кеткенін құқық қорғау органдарына хабарлаған. Оның қай көлде балық аулағанын ешкім білмеген, сондықтан іздестіру жұмыстарына екі күн кеткен. Балықшының кеудеше, дөңгелек сияқты құтқару құралдары өзімен бірге болмаған. Оның үстіне мұздай су жағдайды қиындатып, құтылуға мүмкіншілік қалдырмаған. Төтенше жағдай болған жерде ТЖБ, ІІБ-нің, Петропавл қаласы прокуратурасының жедел топтары жұмыс істеді.
Суда қырағы және сақ болыңыздар. Егер судағы төтенше жағдайға куә болсаңыздар, 112 телефонына хабарлаңыздар.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.