«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы маңындағы “Челябі – Новосібір” тас жолының бір бөлігін Есілдің суы басуы салдарынан көлікпен қатынау тоқтатылып, Заречный кентінен облыс орталығына жету қиындай түсті. Тұрғындарды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге байланысты мәселе облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел штабының ұдайы бақылауында.

Департаменттің Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі, Суда құтқару қызметі және Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілік экипажының 2 жылжымалы бекеті қойылған.

Өткен демалыс күндері тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ететін дүкен иесіне көмек көрсетілді. Департамент қызметкерлері Жанна Киселёваға жаңа піскен нанды сауда нүктесінің сөресіне дейін жеткізіп берді. Жанна Юрьевна офицерлерге көмек көрсеткендері үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

Дүйсенбі күні департамент қызметкерлері кенттің дүкені мен мектеп асханасына азық-түлік жеткізді. Департамент қызметкерлері кезекшілік атқарып жүрген уақытта кент тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде ешбір үзіліс болмайды деп сеніммен айтуға болады.

  Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp