«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЙДАНГЕРДЕН ҚАЛҒАН МИНОМЕТТІ ТАПСЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тіркелмеген қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы барысында Пресновка ауылының тұрғыны калибрі 37 миллиметрлік шағын минометті полицияға табыс етті.

Оның алып келген қаруы кеңес жауынгерлері өткен ғасырдың қырқыншы жылдары кеңінен пайдаланған сапер күрегі мен миномет болып шықты. Қаруды әкелген адам аталмыш минометтің осы күнге дейін сарайда сақталып келгенін, ол Ұлы Отан соғысына қатысқан атасынан қалғанын айтып берді.

Нәтижесінде миномет облыстық Ішкі істер департаментінің Жедел-қылмыстық іздестіру басқармасына баллистикалық сараптама жүргізуге жіберілді, оның қорытындысы бойынша қарудың техникалық жағдайы мен сыйақы көлемі анықталады.  

СҚО ІІД-нің Әкімшілік полициясы басқармасының ақпараты бойынша бүгінге күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының қалалық және аудандық басқармалары мен ішкі істер бөлімдеріне азаматтардан өз еріктерімен 104 дәрімен атылатын қару тапсырғандығы жөнінде 93 өтініш түскен. Оның ішінде 9 – иір ойықты ұзын оқпанды, 94 – тегіс оқпанды, 1 – пневматикалық мылтық және тегіс оқпанды қарудың 6300-ден астам оғы тапсырылған.

Тіркелмеген қару-жарақтарды және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы ҚР ІІМ-нің ерекше өкіміне дейін жүргізіледі.

Юрий КЛЫКОВ,

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp