«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰШТАРЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Екі жасында облыс орталығындағы “Ақ бота” бөбекжай- балабақшасының табалдырығын аттаған қызым Дарья бүгінде 6 жасқа аяқ басты. Екі тілде еркін сөйлейтін бүлдіршін үйдегі ата-анасы мен ата-әжесіне қазақ тілін үйретіп жүр.

Бұрындары көптеген ата-аналар балаларын қазақтілді балабақшаға бермеуге тырысатын. Өйткені, баламыз жалғызсырап, оқудан немесе ойыннан шет қалады деп қорқатын. Бірақ баланың аты бала емес пе, оның айналасындағылармен тез тіл табысып кететіні белгілі. Ең алдымен қазақша сәлемдесу, қоштасудан бастаған Дарьяның жетістіктері бүгінде көңіл қуантарлық. Бүгінде қызым қазақша Әнұран айтып, тақпақтарды жаттап жүр. Балабақшадағы күтім өте жақсы әрі тәрбиешілердің де балаларды ұлтына бөлмейтіні көңілге қуаныш ұялатады.

Адам баласы өскен сайын бір ғана тілмен шектеліп қалмауы керек екендігін ескерген жөн. Уақыт талабын ескере отырып оған ана тілінен басқа тілдерді де үйренуге тура келеді. Сондықтан қызымның тілді меңгерудегі жетістіктерін көре отыра, оның болашағының жарқын болатынына сенемін. Болашақта Дарьяның қазақ тіліне деген құрметі жоғарылап, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін сыйлайтын болады, Отанға деген сүйіспеншілігі артады деп ойлаймын. Бұл оның алдағы уақытта осы мемлекетте тұрып, еңбек етуіне көп септігін тигізетін болады.  

Инна ЛЕБЕДКИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp