Beeline Қазақстан “Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы Internet.СА – 2014” форумының ресми әріптесі болып табылады.
“Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы Internet.CA – 2014” форумы бесінші рет өткізілгелі отыр. Бұл – Орта Азия елдерінде Интернет желісінің дамуына қатысты мәселелер бойынша, мемлекеттік органдардың, Парламент мүшелерінің, дипломаттардың, Интернет-қауымдастығы мүшелерінің, журналистердің, заңгерлердің, шетелдік Интернет-сарапшылардың, академиялық орта мен бизнес өкілдерінің қатысуымен, жыл сайын өтетін салалық конференция.
Осы жылы, форумның басты тақырыбы жылдам өзгеретін сыртқы орта мен технологиялық инновация жағдайында интернет-кеңістікті дамытудың жаңа стратегиялары болады. Форумға Орта Азия елдерінің сарапшыларымен қоса ЕО, Ресей, Украина, Литва, Белоруссия елдерінің мамандары форумның спикері ретінде қатысады.
(Өз тілшімізден).