«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚТЫҢ БІРЕГЕЙ ҮЛГІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тағдырларын қазақ жерімен мәңгіге байланыстырған украиндықтардың еліміздегі үлесі айтарлықтай. Қазақстанды өз Отанына балайтын украин диаспорасының өкілдері туған тілін, ділін, ұлттық салт-дәстүрлерін бір сәтке де ұмытқан емес. Ауданымызға қарасты Мироновка ауылдық округінде украиндық әндер шырқалып, салт-дәстүрлер дәріптеледі. Ұлттық құндылықтардың насихатталуына әжейлерден құралған “Бабушки” вокал тобы айтарлықтай үлес қосып келеді. Топқа мүшелік ететін алдыңғы толқын өкілдері жетпіс жасқа таяса да, түрлі бұқаралық іс-шаралардан қалыс қалмай, облыс және аудандық деңгейдегі көркемөнерпаздар байқауларына белсене қатысады. Сондай-ақ, Мироновка орта мектебі жанындағы мұражайда ашылған этномәдени мүйісте халқымыздың қолданбалы өнер туындылары жинақталған. Ал мұражайдың екінші бөлігі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Бұл ұлтаралық келісім мен үйлесімділіктің нышаны іспеттес.

Біздер осындай тату-тәтті тірлігімізді тек сөзбен ғана айтып қоймай, іспен де көрсете білуіміз керек. Қазақстанды мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің бір үйдің баласындай өмір сүріп жатқандығын насихаттаудың да маңызы зор. Бұл өзге мемлекеттерге де үлгі болары сөзсіз. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай отыра, ұрпағымызға бейбітшілік пен келісімді насихаттау жұмысын жалғастыра береміз.

Елена ЕВЛАДЕНКО,

“Крыница” украин-белорус этномәдени орталығының жетекшісі.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp