«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРУШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл маусым айында құрылғанына 80 жыл толғалы отырған Қызыл Ай қоғамының облыстық филиалы жоспарлы түрде жұмыс істеуде. Оның басты мақсаты – көмекке зәру адамдарға қол ұшын беру. 

Қос мереке қарсаңында филиал қызметкерлері БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Оның барысында 2013 жылы атқарылған жұмыстар жайында әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, алдағы жоспарларымен де бөлісті. “Қызыл Ай қоғамының” директоры Сәуле Оразова өткен жылы басқа да жоспарлы жұмыстармен қатар 247 аз қамтылған отбасыға қаржылай көмек көрсетілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға қолдау көрсетілген. Қарттар мен кембағал жандар, жетімдер де назардан тыс қалып отырған жоқ.  

Осындай қайырымдылық шаралары биылғы жылы да жалғасын табуда.

Баспасөз конференциясының соңында БАҚ өкілдері арасында байқау ұйымдастырылғаны да айтылды. Мамыр-қараша айында өтетін сайыс түрлі маңызды тақырыптарды қамтығалы отыр.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp