«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОДЕИНІ БАР ПРЕПАРАТ ЕРКІН САТЫЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда құрамында кодеині бар препараттарды еркін сатуға тыйым салынған. Мұндай дәрі-дәрмектерді енді дәрігердің рецептімен ғана сатып алуға болады.

Бұл шара құрамында кодеині бар препараттарды теріс бағытта пайдалану себептеріне байланысты қолға алынды. Нашақорлардың осындай препараттардан дезоморфин есірткісін (фармакологиялық әсері жағынан морфинге ұқсас, бірақ одан да уытты) пайдаланатындығы туралы мәселе өзекті болып табылады. Егер героинді қолданатын нашақорлар орташа есеппен 5-7 жыл өмір сүрсе, ал дезоморфинде “отыратындар” 1-2 жыл ғана жасайды.

Кодеин ең кең таралған есірткі препаратына жатады. Сондай-ақ, кодеиндік нашақорлықтың белгілері апиынды қабылдағанмен бірдей болғанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Құрамында кодеині бар препараттарды қабылдағанда “кодеиндік кіріс” туындайды: адамның денесі қызып, біраз уақытқа санасы төмендейді.

Құрамында кодеині бар препараттарды қабылдаушыларға келесі симптомдар тән: ұйқышылдық, сананың төмендеуі, қозу, күлегештік, дөрекілік және т.б.  

Құрамында кодеині бар дәрі-дәрмектерден бас тартқан кезде көңіл күйдің бұзылуы, түрлі ауыр-сынулар мен жайсыздық сынды белгілер байқалады. Адам бірде жабығады, тағы бірде қамығады. Мұндай көңіл күй өзін-өзі нашар сезінумен, аяқ-қолдың дірілдеуімен, жүректің айнуы, құсу, ұйқысыздық, тістің және бұлшық еттің ауруы, ішектің бүлінуі, тұмаурату және көзден жас ағу сияқты синдромдармен қатар жүреді. Нашақордың тәбеті жоғалады, алайда, оның тәтті мен майлы тағамдарға әуестігі жоғарылайды. Кодеинге тәуелділік иммундық жүйені зақымдайды, адам тез қартая бастайды: тістері, шаштары түседі, тырнақтары сынады. Наркологтардың бағалауы бойынша осындай есірткі құралдарын қабылдау түрлі себептерге әкеліп соқтырады, ағзаның нейрогормоналдық және эндокриндік жүйесі жылдам әлсірейді. Аталмыш заттарды ұзақ қабылдау депрессияға, галлюцинацияның пайда болуына, сандырақтауға, өзіне-өзі қол жұмсауға, иммунитеттің кемуіне және ішкі ағзалардың бүлінуіне әкеліп соқтырады. Құрамында кодеині бар дәрілерден жасалған есірткілерді пайдалану тәуелділікке итермелейді.

Нашақордың көңілі есірткі іздеуге құмар болып тұрады. Тіпті, қылмыс жасаудан да тартынбайды. Одан өз еркімен арылу мүмкін емес. Ол үшін емделу қажет.

Осыған орай дәріханалардан аталған дәрілерді тек дәрігердің кеңесімен алу жүзеге асырылады.

Кодеині бар препараттарды өткізуді бақылауды құқық қорғау органдарымен бірге Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті жүзеге асырады.

“Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” ШЖҚ РМК.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp