«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Ербол Шаймерденовтің туғанына – 60 жыл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ырғағы бар жанымда жыр-әніңнің,
Қылығы бар қанымда құланыңның.
Отан үшін от басса – өкінбейтін,
Елін сүйген өр мінез ұланыңмын.

Дөңгелетіп дүние доңғалағын,
Келеді алып өр толқын, толғақ ағын.
Жанарыңда ойнаған мен бір сәуле,
Теңізіңнің тамшысы мен боламын.


Мына өмірде мың тұрып, мың сүріндім,
Ұқтым солай не екенін күрсінудің.
Жапырақ боп жайқалып тірлік кешкен,
Ақ қайыңның қара мең бүршігімін.

Аян мәңгі өзіңсіз күн жоқтығы,
Керегі не басқаның білте, оттығы.
Мен – бір гүлің ашылған сайыңдағы,
Мен – тауыңның бір тасы, бір шоқтығы.

Бұлағыңнан нәр алдым қанша тұнық,
Көлбеймін ой шақырып, қыр шақырып.
Сен – айлақ алып шығар бар айдынға.
Сен – менің әлемімнің ақ шатыры.

Жаным Отан, сырың – сан,
өлшемің – мың,
Сен – бір ғарыш, мен – сенің жер серігің.
Сен деп соққан жүрегі, жаны – сенде,
Перзентіңмін – бір түйір бөлшегіңмін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp