Облыстық сауда ұйымының бұрынғы қызметкері Ғани Хабибулин жерлестеріне былай деп жазды: “Өз жетістіктерімізді сендермен бөліскім келіп отыр. Минометшілер бөлімшесіне қабылданған мен озық болу мақсатын алға қойдым. Бұл міндетті орындадым да, минометті, қол пулеметін, карабинді, гранатаны және басқа да қару түрлерін жетік меңгердім. Маған сержант атағы беріліп отыр. Өзім мерген оқтаушыға айналдым. Өз Отанымды қайсарлықпен қорғап, Қызыл Армияның жауынгері деген жақсы атаққа кір келтірмейтін боламын. Тұрмыстарың қалай, жұмыс істеп жүрсіңдер ме? Майданға немен көмектесіп жатырсыңдар?
(Облыстық мемлекеттік мұрағаттан).