«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қымбатты соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр – шын мәніндегі бүкілхалықтық мереке, азаматтық бірліктің арқасында фашистік басқыншылықты мәңгілікке тоқтатып, қатал сын болған және орны толмас шығын әкелген алапат соғыста беріспей қарсы тұрғандардың жауынгерлік пен еңбектегі ерлігін еске алу күні.

Қазақстан сол бір сұрапыл жылдары елдің орасан зор жұмылдырушы орталығына айналды. Ондаған қазақстандық дивизиялар, бригадалар мен жеке бөлімдер барлық майдандарда шайқасты.

Солтүстік Қазақстан облысының әрбір үшінші тұрғыны Отанды қорғау үшін әскер қатарына шақырылды. Олардың көбі жоғары наградалар мен медальдерге ие болды, 66 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры және Даңқ орденінің толық иегері атанды.

Солтүстікқазақстандықтардан жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясының әскери ғұмырнамасы аңызға айналды. Оның жауынгерлік есебінде басқыншылардан босатылған 20 қала және 1000-нан астам елді мекен, 50 мыңнан астам жойылған және тұтқынға алынған фашист бар.

Солтүстікқазақстандықтар қаһармандықпен шайқасып қана қойған жоқ, сонымен қатар тылда да аянбай еңбек етті. “Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!” ұраны қалалар мен ауылдарда қалғандар үшін өмірдің мәніне айналды.  

Соғыс жылдарында Петропавл осында көшірілген 20 зауыттың, фабриканың және құрылыс ұйымының жабдықтарын қабылдады. Әскери бұйымдар өндіру ісімен айналысқан Куйбышев, Калинин, Киров атындағы, “ЗИМ” және шағын литражды двигательдер зауыттары сияқты ірі қорғаныс кәсіпорындары пайдалануға берілді.

Солтүстікқазақстандықтардың күшімен жылы киім-кешек тиелген 88 және азық-түлік артылған 14 вагон майданға жөнелтілді.

Біздің облыста орналасқан бірқатар әскери госпитальдарда Қызыл Армияның жарақат алған солдаттары мен офицерлері емделді.

Түрлі ұлт өкілдері қанды майданда иық тірестіре жүріп, Ұлы Жеңісті жақындатты. Нақ осы достық пен бірлік бізге бүгінге дейін жәрдемін тигізіп келеді.

Ұлы Жеңіс болашаққа үмітті оятты, қаншама ұрпақтың бейбіт те жарқын тұрмысына қол жеткізді. Бүгінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен біз қуатты да көркейген Қазақстанды орнаттық, балаларымызды тәрбиелеп, өсіріп, бақытты болашақты құрудамыз.

Осы жылдар ішінде ардагерлеріміз жас егемен мемлекетіміздің сенімді тірегі болып, қоғамдық өмірге және жастар тәрбиесіне белсене қатыса отырып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісуде.

Аға ұрпақтың мұң-мұқтажын ұмытпау – біздің қасиетті парызымыз. Біздің облыста 334 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі тұрады. Олардың күнделікті тұрмысын лайықты қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға біздің мүмкіндігіміз толықтай жетеді.

Қымбатты жерлестер!

Бүгінгі күні ұрыс алаңынан оралмаған 32 мың солтүстікқазақстандықты ерекше қайғырып еске аламыз. Олардың есімдері біздің және келер ұрпақтардың жүрегінде мәңгілік сақталады.

Бүкіл солтүстікқазақстандықтардың атынан соғыс ардагерлеріне, майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне, партизандық қозғалыстарға қатысқандарға, сонымен қатар, жазықсыз қуғын-сүргін мен жер аударудың тауқыметін тартқандарға, сұмдық соғыстан кейін елді қалпына келтіруге атсалысқандарға тағзым етеміз.

Сіздердің өшпес Ерліктеріңіз біз үшін батырлықтың, жанқиярлықтың, қажымас қайраттың және берік рухтың үлгісі болып қала береді.

Баршамыз үшін қасиетті осы мерекеде Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, рух сергектігін, амандық-саулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін!

Мереке құтты болсын, қымбатты жерлестер!

Ұлы Жеңіс күнімен!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp