«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК МЕДБИКЕ АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық медициналық колледжде Дүниежүзілік медбикелер күніне орай медбикелер байқауы өтті. 

Сайыс мақсаты медбикелік қызметтің беделін, кәсіби деңгейін, халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру болып табылады. Дәстүрлі байқаудың бұл жолғы тақырыбы – “Бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі үздік медбике”. Байқауда 12 медбике бақ сынады.  

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде медбикелердің теориялық білімдері тексерілді. Сыннан сүрінбей өткен медбикелер екінші кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Тестілік кезең 30 минутқа созылып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындаған 10 медбике ақтық мәреге жолдама алды.

Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Олар бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде қызмет ететін медбикелердің атқаратын қызметтері жайында баяндап, шағын қойылымдар арқылы суреттеуге тырысты. Емханаға келген науқастарды қабылдаудың әдістері мен тәсілдерін медициналық колледж студенттері бейнелей білді.

Додаға қатысқан әрбір медбике үздік деп танылуға лайықты. Бірақ асығы алшысынан түсіп, үздік медбике атағы Петропавл қаласының №1 емханасының учаскелік мейірбикесі Елена Химичке бұйырды. Екінші орынды Елена Мұстафина иеленді. Ол облыс орталығындағы №3 қалалық емханада учаскелік медбике болып қызмет етіп келеді. Үшінші орынды Есіл ауданының орталық ауруханасының медициналық қызметкері Идель Дмитриев алды.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp