«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮНСІЗ ҚАНІШЕРДЕН” САҚТАНЫҢЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Артериялық гипертония әлемдегі ең кең тараған аурулар қатарына жатады. Артериялық қан қысымының жоғарғы деңгейі жер шарындағы халықтың шамамен 30 пайызында тіркелген, сондай-ақ, 60 жастан асқан жандардың 60-70 пайызы осы дертпен сырқаттанатыны анықталған. Бұл ретте, науқастардың осы дертке шалдыққаны туралы жартысы ғана білсе, олардың тек үштен бірі ғана тиімді ем қабылдайды.

Аурудың асқыну сипаты пайда болғанда және оны алғашқы сатыда емдеген кезде сырқаттан толық айығуға мүмкіндік туады. Аталмыш сырқат түрі біртіндеп дамиды және бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Осыған байланысты ағза жоғары артериялық қан қысымына көндігіп кетеді, сондай-ақ, ол миокард инфаркты, ми инсульті, бүйрек жеткіліксіздігі сынды асқынулар туындағанша еш белгісіз өтеді. Сырқаттың осындай белгілері үшін ол “Үнсіз қанішер” деген атқа ие болған. Көптеген науқастар ауруға дер кезінде назар аудармайды, тиісті ем қабылдамайды, соның салдарынан олардың өмірлеріне қауіп төнеді. Науқастарда асқынулар дамуының қауіпті факторлары болғанда, артериялық қан қысымы деңгейінің аз ғана көтерілуінің өзі ми инсульті немесе миокард инфарктісіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сырқаттың дамуының алғашқы белгілері – еңбекке деген қабілеттіліктің төмендеуі, қатты шаршау, әлсіздік, желке тұсының ауруы (көп жағдайда таңертең), бас айналу, жиі мұрыннан қан кету, көру қабілетінің нашарлауы, құлақтың шуылдауы, салмақ түскенде жиі-жиі демігу, кеш соңында аяқтың ісінуі.  

Сырқаттың дамуының алдын алу үшін жүрек-қан тамырлары ауруларын, холестериннің жоғары деңгейін, қант диабетін тиімді емдеу керек. Сондай-ақ, артық салмақты азайтып, саламатты өмір салтын ұстану қажет.

ҚР ДСМ “Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” ШЖҚ РМК.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp