С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Біләлов мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.
Жиын салтанатты оқиғамен басталды. Саналы өмірінің 35 жылын мәдениет саласына арнаған облыстық кітапхананың директоры Бейбітгүл Әбілмәжінова ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблея кеңесінің “Мәдениет және өнердің дамуына сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталды. Оны Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыруымен Парламент Сенатының депутаты Серік Біләлов табыстады.
Он сегіз жыл қатарынан облыстық кітапхананы басқарып келе жатқан Бейбітгүл Мағжанқызы өзіне көрсетілген сый-құрметке алғыс білдірді.
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.