1941 жыл
6 қыркүйек. Пулемет взводының командирі, лейтенант, Кеңес Одағының Батыры, солтүстікқазақстандық Сергей Гаврилович Гуденко жаудың шабуылына пулемет оғымен тойтарыс бере отырып, қанды шайқаста қаза тапты.
7 қыркүйек. 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері Ладога көліне жеткен неміс жауынгерлерімен тізе қосқызбай, Свирь өзенінің тұсында неміс-фин әскерлерін тоқтатты.
30 қазан. Петропавл тігін-аяқкиім фабрикасының ұжымы 1941 жылдың өндірістік жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Өнімнің біраз бөлігі майданға жөнелтілді.
Қазан. Петропавл кәсіпорындарының жонушылары Федулов пен Роза Әбдіхалықова жоспарларын асыра орындады: біріншісі – 4400, екіншісі – 3500 пайызға. Олардың өнегесі екпінді өндірістік майдандық бригадалар қозғалысының бастамасы болды.
17 қараша. Генерал И. В. Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы, оның құрамында солтүстікқазақстандықтардың қалың тобы бар, Мәскеу түбіндегі қаһармандығы үшін “8-ші гвардиялық” болып өзгертілді және “Қызыл Ту” орденімен марапатталды.
1942 жыл
16 қаңтар. Құрамында жазушы И.П. Шухов, облпартком лекторы П.А. Лукошин және паровоз машинисі И.Н.Якимушин бар облыс еңбеккерлерінің алғашқы делегациясы Свирь өзенінде қорғаныста тұрған 314-ші атқыштар дивизиясына елдің сәлем-сауқатын жеткізді.
17 ақпан. Солтүстікқазақстандықтар Қызыл Армияның 24 жылдығына орай майданға 12 вагон сыйлық жөнелтті.
2 мамыр. Солтүстікқазақстандықтар Ленинград майданындағы Кеңес жауынгерлеріне 16 вагон сыйлық жіберді. Оларды тапсыру үшін құрамында 7 адам бар облыс делегациясы жолға шықты.
24 мамыр. Петропавлда шағын литражды двигательдер зауытының құрылысы басталды. 10 қыркүйекте алғашқы 10 двигатель шығарылды.
30 мамыр. Көктемгі егістегі облыс диқандары жарысының қорытындысы шығарылды. 60 трактор бригадасы майдандық 3-ші гвардиялық атақтар алу құқығына ие болды.
5 қыркүйек. Облыстың қалалық және аудандық соғыс комиссариаттарының шақыру комиссиялары мыңдаған өтініштерді қарай келіп, 240 жасөспірім мен 33 қыздың өтінішін қанағаттандырды: оларды майданға жіберді.
26 желтоқсан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 3-ші гаврдиялық армияның 17-ші жеке танк полкінің командирі, гвардия подполковнигі, солтүстікқазақстандық Тимофей Семнович Позолотинге Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
1943 жыл
Қаңтар. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті екпінді еңбегі үшін Петропавл ет комбинатының ұжымына ауыспалы “Қызыл Ту” тапсырды.
1 ақпан. Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитеті облыстың комсомолдары мен жастары Сталинградқа көмек қорына 385 мың сомның облигациясын жинағанын хабарлады. Көптеген ұжымдар көмек қорына айлық жалақыларының 25-30 пайызын аударды.
22 ақпан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 314-ші дивизиядағы 1074-ші атқыштар полкінің сапері, солтүстікқазақстандық Павел Иванович Гончарға Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
Ақпан. Петропавл теміржолшылары Солтүстік-Донецк темір жолын қамқорлығына алды. Оларға 4 вагон жабдықтар жіберді.
19 наурыз. “Правда” газеті “1943 жылы ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспары туралы” ВКП (б) ОК мен КСРО ХКК қаулысын жариялады, онда Солтүстік Қазақстан облысы диқандарының жетістіктері атап көрсетілді.
1943 жыл
Қаңтар. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті екпінді еңбегі үшін Петропавл ет комбинатының ұжымына ауыспалы “Қызыл Ту” тапсырды.
1 ақпан. Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитеті облыстың комсомолдары мен жастары Сталинградқа көмек қорына 385 мың сомның облигациясын жинағанын хабарлады. Көптеген ұжымдар көмек қорына айлық жалақыларының 25-30 пайызын аударды.
22 ақпан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 314-ші дивизиядағы 1074-ші атқыштар полкінің сапері, солтүстікқазақстандық Павел Иванович Гончарға Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
Ақпан. Петропавл теміржолшылары Солтүстік-Донецк темір жолын қамқорлығына алды. Оларға 4 вагон жабдықтар жіберді.
15 сәуір. Қызыл Армияға техника мен көлік құралдарын жөнелтудің қорытындысы шығарылды. Солтүстік Қазақстан облысы әскери бөлімдерге 1428 жүк және жеңіл автомобиль, 160 шынжыр табанды трактор. 7237 жылқы, 1038 арба жіберді.
16 қазан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 8-ші атқыштар дивизиясы 229-шы атқыштар полкі атқыштар ротасының командирі, аға лейтенант, солтүстікқазақстандық Әбу Досмұхамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
21 қараша. 314-ші атқыштар дивизиясының жыл басынан бергі ұрыс қимылдарының қорытындысы шығарылды. Дивизия жауынгерлері жаудың 24365 сарбазы мен офицерін, соның ішінде мергендер 6114 адамын жер жастандырды. Ұрыстардағы ерлігі мен қаһармандығы үшін 7127 адам ордендермен және медальдармен марапатталды.
10 қаңтар. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы үшінші гвардиялық әуе-десант дивизиясы 8-ші гвардиялық әуе-десант полкінің бөлімше командирі, кіші сержант, солтүстікқазақстандық Ғали Зәкіровке Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
15 қаңтар. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 16-шы Чернигов атты дивизиясы 58-ші гвардиялық атты әскер полкінің пулеметшісі, қатардағы жауынгер, петропавлдық Ескендір Садықұлы Дәуітовке Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
13 сәуір. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралғасы 4-ші әуе армиясы 214-ші әуе дивизиясы 622-ші авиация полкінің эскадрилья командирінің орынбасары, солтүстікқазақстандық лейтенант Вениамин Борисович Кошуковқа Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
17 мамыр. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 116-шы атқыштар дивизиясы 441-ші атқыштар полкінің бөлімше командирі, кіші сержант, петропавлдық Никифор Акимович Ахременкоға Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
21 шілде. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 272-ші атқыштар дивизиясы 1061-ші атқыштар полкінің взвод командирі, солтүстікқазақстандық лейтенант Семен Яковлевич Киреевке Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
1945 жыл
27 ақпан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 60-шы атқыштар дивизиясы 1281-ші атқыштар полкінің автоматшылар командирі, солтүстікқазақстандық аға лейтенант Виктор Михайлович Довженкоға Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
24 наурыз. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы 34-ші Қызыл тулы Витебск дивизиясы 1233-ші атқыштар полкінің бөлімше командирі, солтүстікқазақстандық сержант Александр Матвеевич Ершовқа Кеңес Одағының Батыры атағын берді.