Жеңіс күніне орай “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамының базасында облыстық Ішкі істер органдарының ардагерлері волейболдан сайысқа түсті.
Тартысты өткен доданың ақтық сынында қарсыластарынан басым түскен облыстық Ішкі істер департаментінің ардагерлері турнирдің жеңімпазы атанды. Ал облыстық Әкімшілік полициясының құрама командасы мен Петропавл қаласының ІІБ-ның волейболшы ардагерлері екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.