Облыс орталығындағы “Жастар” мен “Қарасай” стадиондарында қыздар арасындағы футболдан 21 жасқа дейінгі жеткіншектер біріншілігінің екінші туры өтті. Байрақты бәсекеге 7 құрама команда қатысты.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша шымкенттік бұрымдылар турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. Ал Астана мен Алматы қалаларының футболшы қыздары екінші және үшінші орында. Солтүстікқазақстандық футболшы қыздар болса бесінші орынға тұрақтады.