«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТҰТЫНУ – еліміздің өркендеуіне көмектесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әкімдікте өңірдегі жергілікті қамтуды дамыту мәселесін талқылауға арналған кеңес өтті. Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің (“NADLoC” АҚ) төрағасы Қайрат Бектүргенев, “Самұрық-Қазына Контракт” ЖШС-і директорының орынбасары Әділет Әбілқайыров, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың басшылары, жергілікті тауар өндірушілердің өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан өңір басшысы Самат Ескендіров кеңестің Қазақстан Республикасында жергілікті қамтуды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтты.

Өңірдегі жергілікті қамтудың барысы жайында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов хабарлама жасады. Ол айтқандай, облыста негізінен отандық өнімдер сатып алынады. 2013 жылы өңір бойынша барлығы 24,7 млрд. теңгенің жергілікті өнімдері сұраныс тапқан. Десе де, жергілікті қамту деңгейі әлі де төмен. Әсіресе, коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту үлесі ойдағыдай болмай отыр. Өткен жылы жергілікті қамту көрсеткіштері бойынша 849 кәсіпорын есеп берген.

– Агенттік жасаған мониторингтік талдау нәтижесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы субъектілерінің 2013 жылғы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуының жалпы көлемі 50,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту 41,9 пайызға немесе 21,0 млрд. теңгеге тең.  

Аймақ бойынша осындай проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды тек айтып қана қоймай, әкімдікпен, жергілікті өндіруші компаниялармен және тапсырыс берушілермен бірлесіп шешу және жергілікті қамтуды арттыру жолдарын белгілеу үшін келіп отырмыз, – деді Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің төрағасы Қайрат Бектүргенев кеңесте жасаған баяндамасында. Сондай-ақ, ол облыста небары 5 жүйе құрушы компанияның барын, соның ішінде Мамлют ұн үгу комбинатының жақсы даму жолына түскенін айта отырып, бұл бағыттағы ұмтылыстың әзірге жеткіліксіз екеніне тоқталды.

“Самұрық-Қазына Контракт” ЖШС-і директорының орынбасары Әділет Әбілқайыров жергілікті қамтуды дамытудың бірден-бір жолы болып табылатын отандық тауар өндірушілерін қолдау мәселесі төңірегінде әңгіме өрбітті. Алайда, корпорация бойынша өткен жылы жалпы 3 триллион теңгенің тауарлары мен қызметтері сатып алынса, облыста оның көлемі небәрі 18 млрд. теңгені құраған.

– Мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамтудың үлесін арттыруымыз қажет. Ол үшін оны біз қолдап, жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілетті өнім шығаруларына көмектесуіміз керек, – деді өңір басшысы кеңесті қорытындылаған сөзінде. Осы мәселені шешуге ортақ ниет танытқан “NADLоC” АҚ-ы мен облыс әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp