Солтүстікқазақстандық “Қуаныш және К” құрама командасының волейболшы қыздары “Б” тобындағы жоғары лига ойыншылары арасында ел чемпионы атанды. Бұл жеңістің арқасында олар енді “А” тобындағы дәрежесі жоғары командалармен бақ таластыру мүмкіндігіне ие болды.
Соңғы 5-ші турнир 23 сәуірде Теміртау қаласында өткен болатын. Шешуші сәтте біздің жерлестерімізге қарағандылықтар дес бермеген. Десе де, жергілікті “Қуаныш және К” құрамасы соңғы 35-ші кездесуін сәтті аяқтаған.
Атап айтқанда, 35 ойынның 31-інде жеңіске жеткен солтүстікқазақстандық волейболшылар бірінші орынға таласқан қарағандылық “Металлург АМТ” командасынан екі ұпай көп жинады.
Сайыстың қорытындысы бойынша, 88 ұпайға қол жеткізген “Қуаныш және К” құрама команда турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. 88 және 76 ұпайлары бар “Металлург АМТ” мен “Астана-2 ВК” клубтары болса, екінші және үшінші орындарды иеленді.
(Өз тілшімізден).