Петропавл қаласы 2014 жылғы 14 наурыз №60
Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) «Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. ЕСКЕНДІРОВ.
Осы нормативтік-құқықтық акт 2014 жылдың
22 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу №2681.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №60 қаулысымен бекітілді
«Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Солтүстік Қазақстан облысының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кейіннен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсыну не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің басталу негізі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мыналарды ұсыну болып табылады:
субсидиялауға жататын іс жүзіндегі көлемдерге:
құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынып, осы регламенттің 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтінімдер;
мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттар;
банктен банктік есепшоттың болуы туралы анықтама.
Республикалық асылтұқымдық орталыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асылтұқымдық зауытқа, етті құс өсіру бойынша асылтұқымдық репродукторға 10 желтоқсаннан кешіктірмей шығындарын толық өтеу үшін:
1) республикалық асылтұқымдық орталық:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісілген тізбе бойынша асылтұқымды тұқымдық бұқаларды, шетелдік селекция ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алуға шығындарды растайтын құжаттардың (шарт, төлем құжаттарының көшірмелері, қабылдау актілері) бір данасы;
асылтұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрығын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ, эмбриондарын алуға, сақтауға және пайдалануға шығындарды растайтын құжаттардың бір данасы (оларды жүзеге асыру шамасына қарай);
2) қостанай жылқы тұқымы бойынша асылтұқымдық зауыт:
асылтұқымды жылқыларды өсіруге, күтіп-бағуға, тренингке және айғырлардың ұрығын (оларды жүзеге асыру шамасына қарай) сақтауға шығындарды растайтын құжаттардың бір данасы;
3) етті құс өсіру бойынша асылтұқымдық репродуктор:
балапандарды (оларды жүзеге асыру шамасына қарай) сатып алуға шығындарды растайтын құжаттардың (шарттар, төлем құжаттарының көшірмелері, қабылдау актілері) бір данасы.
Көрсетілетін қызметті беруші олар бойынша негіздемелер пайда болған сәттен бастап 1 жылдан артық емес уақыт өткен өтінімдерді қарауға қабылдайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына мынадай рәсімдер (іс-әрекеттер) кіреді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінімдері мен құжаттар топтамасын қабылдайды, күн және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді. Осы регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бөлімдеріне (бұдан әрі – бөлім) өтініммен құжаттар топтамасын жібереді – он бес минут;
2) бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінімін өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді. «Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 қаулысымен бекітілген Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес өтінім алған сәттен бастап бес жұмыс күн ішінде құжаттар топтамасын және көрсетілетін қызметті алушыны өлшемдер мен талаптарына, шарттарына сәйкестігін тексереді. Мына жағдайларда көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына барады:
жеке бағыт бойынша субсидия алуға өтінім бергенде;
өткен жылдың субсидиясын алу үшін өтініммен салыстырғанда мәлімделген субсидиялау деңгейін арттырғанда;
жеке бағыт бойынша мәлімделген көлем өткен айдағы өтінімнен жиырма пайыздан артық асқанда. Бөлім екі жұмыс күн ішінде құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе «Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 қаулысымен бекітілген Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес өлшемдер мен талаптар сәйкес келмеген жағдайда, бөлім ұсынылған өтінімдер мен құжаттар топтамасын қайтару себебін көрсетіп, дереу қайтарады. Көрсетілген қызметті алушы түзетілген немесе толықтырылған өтінімді қайта беруге құқылы.
Өтінімді қабылдамау негіздері болмаған жағдайда, бөлім екі жұмыс күн ішінде көрсетілген қызметті алушы өтінімде ұсынған деректерді тексереді: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми сайттарындағы заңды тұлғалардың дерекқорында, мал басын тіркеу туралы «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (бұдан әрі – АШЖБ) жүйесінде АШЖБ және шаруашылықтың мал басы санын тексеру актісімен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстардың бірыңғай ақпараттық қорында (бұдан әрі – АТЖ) мал басының санын салыстырады.
Асылтұқымды және селекциялық төлін, құс өнімін сатып алу, селекциялық және асылтұқымды жұмыстарды жүзеге асыру, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы тиісті аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекітетін жиынтық актіні жасайды. Бөлім бес жұмыс күн ішінде Басқармаға түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта ұсынады, ал мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға қайтару себептерін көрсетіп, өтінімді қайтарады. Бекітілген жиынтық акт өтінім болған жағдайда екі аптада кемінде бір рет «Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – басқарма) ұсынады;
3) Басқарма қызметкері ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін тіркеу журналына тіркеп, үш жұмыс күн ішінде бөлімдер ұсынған жиынтық актілер көрсетілетін қызметті алушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 қаулысымен бекітілген Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес көрсетілген өлшемдер мен талаптарға, шарттарға сәйкес келуін қарайды. Сәйкес келмеген жағдайда Басқарма оларды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, аудан, облыстық маңызы бар қала ұсынылған жиынтық актілерді бөлімге пысықтауға қайтарады. Үш жұмыс күн ішінде Басқарма ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актілерін асылтұқымды мал шаруашылығын субсидиялау мәселесі жөніндегі облыс комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді;
4) Комиссия отырыс қорытындысы бойынша тиесілі субсидиялар көлемін көрсетіп, облыс бойынша жиынтық акт жасайды. Комиссия төрағасы үш жұмыс күн ішінде комиссия ұсынған облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді;
5) басқарма қызметкері аумақтық қазынашылық бөлімшеге үш жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем есепшоттары тізбесін ұсынады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) нәтижесі, мынадай рәсімнің (іс-әрекеттің) орындалуының басталуы негізі болады:
1) өтінімді құжаттар топтамасымен қабылдау, өтінім мен құжаттар топтамасын бөлімге (кеңсе қызметкеріне) тапсыру туралы тіркеу;
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін, өтініммен құжаттар топтамасын пысықтауға (бөлім қызметкеріне) қайтару;
3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін журналда (басқарма) тіркеу туралы белгілеу немесе ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актісін пысықтауға (басқарма қызметкеріне) қайтару;
4) облыс бойынша жиынтық актіні бекіту және оны Басқармаға тапсыру (Комиссия);
5) төлем есепшоттарының тізілімі және оны аумақтық қазынашылық бөлімшесіне (басқарма қызметкері) тапсыру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) бөлім қызметкері;
3) басқарма қызметкері;
4) Комиссия;
5) аумақтық қазынашылық бөлімше.
8. Әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімі мен құжаттар топтамасын қабылдау, өтінім мен құжаттар топтамасын бөлімге жолдау, талон беру (кеңсе қызметкері) – отыз минут;
2) өтінім мен құжаттар топтамасын тіркеу, «Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 қаулысымен бекітілген Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 2-тарауына сәйкес құжаттар топтамасын өлшемдер мен талаптарына, шарттарына сәйкестігін тексеру, ал заңды тұлғалардың (бөлім қызметкері) дерекқорында көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеру – бес жұмыс күн;
3) өлшемдер мен талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінімді құжаттар топтамасымен бірге қайтару (бөлім қызметкері) – екі жұмыс күн;
4) бюджеттік субсидияларды алушылардың аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі бекітетін жиынтық актін жасап, басқармаға ұсыну (бөлім қызметкері) – екі аптада кемінде бір рет;
5) аудан, облыстық маңызы бар қаланың жиынтық актін тіркеу, оларды қарау, оны Комиссияға жіберу (басқарма қызметкері) – үш жұмыс күн, жиынтық акті сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға қайтару – үш жұмыс күн, облыс бойынша жиынтық акт жасап, оны Комиссия төрағасына ұсыну;
6) облыс бойынша жиынтық акті бекіту (Комиссия төрағасы) – үш жұмыс күн;
7) аумақтық қазынашылық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем есепшоттар тізбесін ұсыну (басқарма) – үш жұмыс күн.
Әр іс-әрекеттің (рәсімнің) өтуін сүйемелдейтін блок-схемасы көрсетілген рәсімдердің (іс-әрекеттердің) сипаттамасы осы регламенттің 6-қосымшасында келтірілген.