«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатының “Арай” атты отбасына 15 жыл бойы көмек көрсетіп келеді.

Аталмыш бөлім подполковнигі Айдос Ыдырысовтың мұрындық болуымен жақында қызметкерлер аталмыш отбасындағы тәрбиеленушілерге тағы бір тосын сый жасады. Мереке күндері балалар Петропавл қаласындағы Ішкі істер департаментінің мұражайында болып, ондағы жәдігерлерді тамашалады. Мұражай меңгерушісі Любовь Осинская оқушыларға Қазақстан полициясының құрылу тарихы жайында айтты. Оны ұйып тыңдаған жасөспірімдер кинолог, криминалист, тергеуші мамандарының жұмысы жайында сұрап, қызығушылық танытты. Мұражай қонақтары бұл күні соғыс кезінде бар қиындықты басынан өткізіп, қайсарлық танытқан полиция қызметкерлерінің өмірлері жайында да біраз мәлімет алды.

Экскурсия соңында жасөспірімдер мұражай қызметкерлеріне алғыс ретінде әсем әннен шашу шашты.

Ольга ШИЯН,

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp