«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕПУТАТ ОРНЫ АЛҒЫ – ШЕП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздік туы желбірегелі еліміз саяси және экономикалық тұрғыда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл үрдіске жергілікті өкілетті органдардың қосқан үлесі де зор.

Тайынша аудандық мәслихатындағы фракция мүшелері, яғни нұротандық депутаттар да халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз етіп отыру, заман талабына сай туындаған мәселелерді уақтылы әрі тез шешу жолында тындырымды істер атқаруда. Мәслихаттардың рөлі жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, мәслихат депутаттары саяси партияның фракциясы немесе басқа да қоғамдық ұйымдар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Осыған орай, 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына сәйкес V шақырылған аудандық мәслихаттың сессия отырысында депутаттық фракция құрылған болатын. Фракция құрамына кірген депутаттардың саны – 14. Олардың барлығы дерлік “Нұр Отан” партиясының мүшелері, жоғары және орта білімді әрі экономиканың түрлі салаларында тәжірибелері мол азаматтар. Осылайша, өткен жылы партиялық фракцияның 8 отырысы өткізіліп, олардың барысында әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы хабарламалар және депутаттардың өз сайлау округтерінде атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Депутаттық фракция – партияның аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатқа әсер ететін бірден-бір құралы.  

Бүгінде фракция мүшелерінің жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында айқындалған ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Сайланған депутаттар өз өкілеттіліктері шеңберінде сайлаушылар көтерген мәселелерді шешуге барынша күш жұмылдыруда. Сонымен қатар, депутаттық фракция “Бизнестің Жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамту – 2020” мемлекеттік бағдарламалары аясында мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау ісіне де белсене араласуда. Осы мақсатта жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарында партиялық бақылау қосындары құрылды. Мұндай қадамдарды тұрғындардың да қолдап отырғанын айтуға тиіспіз.

Халық қалаулылары ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындарымен есепті кездесулеріне, ұйымдастырылатын мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға белсене қатысады, бекітілген арнайы кестеге сәйкес мәслихатта, сондай-ақ, жер-жерлерде, ауылдық елді мекендерде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, мұң-мұқтажымен жақынырақ танысады. Сол сияқты, депутаттар қауымы, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдық елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру үрдісіне сүбелі үлес қосуды өзінің азаматтық парызы санайды.

Депутаттар қауымы үшін стратегиялық бағдарлама ұсынып отырған әрі сайлаушылар сенімін ақтауға алып барар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Біздің басты мақсатымыз Елбасымыздың – халық игілігіне арналған саясатын жүзеге асыруға өз үлесімізді қоса отырып, үнемі қоғамдық өмірдің алғы шебінде болу.

Анархан ДҮЙСЕНОВА,

“Нұр Отан” партиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp