«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮГІМІЗ ЖЕҢІЛ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел болашағы жастардың қолында, оларды тәрбиелейтін – ұстаздар. Сондықтан мен де әр сабағымды қызғылықты өткізуге тырысамын. Өзімнің тәжірибемде өңіріміздің ұлағатты ұстазы Қымбат Есмұқанқызының “Дөңгеленген дүние-ай…” атты тәрбиелік мәні зор, педагогикалық еңбегіндегі қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қатысты материалдарды сабақтарымда жиі қолданамын. Ондағы материалдар мазмұндылығымен және әртараптылығымен ерекшеленеді. Экология, табиғат, ұлтымыздың атақты адамдарының өмірі, олардың айтқан тағылымды сөздері оқушыларға тартымды, қызғылықты етіп жазылған, балалардың қабылдауына жеңіл. Сондай-ақ, оқушылармен жұмыс барысында Бақыт Мұстафин, Мәлік Мұқанов, Мүтәллап Қанғожин сияқты өңіріміздің ақын-жазушыларының еңбектерінен үзінділерді, көрнекті, мазмұнды сөйлемдерін оқу үдерісінде пайдаланамын. Олардың еңбектері кітапханаларда бар.

Жастарға ұлттық тәрбие беруде ұстаздардың, әсіресе, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп жүрген мұғалімдердің көтерер жүгі ауыр. Ертеңгі күні Мәңгілік Елде өмір сүріп, қызмет атқаратын, еліміздің экономикасын көтеретін – бүгінгі оқушылар мен жастар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Біз өзгенің қателігін қайталамас үшін сыныптағы әр этнос өкілінің бір-бірімен бірлікте, келісімде болуына баса назар аударуымыз керек. Оқу-тәрбие үдерісін де осы негізге құруға тиіспіз. Сонда ғана қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді сақтай аламыз. Алдымызда отырған балалардың патриоттық рухы биік болуы керек, оны қалыптастыру да мұғалімдерге сын.  

Ұстаздың әр сабағы оқушыны ізденіске, көп оқып, үйренуге, білімді, білікті болуға үйретумен қатар, жаны таза, рухы биік, патриоттық сенімі нық болып қалыптасуына жетелейтін болуы керек.

Айсұлу АМАНЖОЛОВА,

№24 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp