«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗІМІЗДІҢ ДАМУЫМЫЗ АРҚЫЛЫ өзгені дамытуды көздейміз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының бірінші деңгейлік бағдарламасы бойынша оқып жатқан ұстаздар өздерінің сайтында http://vk.com/ бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін құру мақсатымен “Облыстың көшбасшы ұстаздары” желілік кәсіби қауымдастығын құрды. Онда маңызды деген мәселелерді деңгейлік оқу бітірген және оқып жатқан ұстаздармен бірлесе талқылаймыз. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы педагогтердің кәсіби іс-әрекетіне өз ықпалын тигізді. Осыған орай құрылған мұғалімдердің желілік қауымдастығы кәсіби қарым-қатынастың бір нысаны болып табылады. Енді ғаламтор желісінен ақпарат алумен қатар, олармен электронды пошта, форум, сайттар арқылы пікір алмасу мүмкіндігі туды.

Тәжірибе алмасу кезінде алдымыздағы кедергілер, кездесіп жатқан қиыншылықтар туралы жазып, әріптестеріміздің берген ақыл-кеңестері арқылы олардан шығу жолдарын табамыз. Ондағы мақсат кәсіби тақырыптар бойынша қарым-қатынастарды ұйымдастыруды, үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуды, тәжірибе алмасуды көздейді. Оқушылaр жоғaры жетіcтіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп aрacындa оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іc-әрекеттер жоcпaрын құрып, оның мониторингін жүргізіп, нәтижесін саралайтын боламыз.  

Педагогикалық әлем тәжірибесі бірігіп жұмыс істеген мектептерде мұғалімдердің кәсіби деңгейі көтеріліп, оқыту үдерісі жоғары болатынын дәлелдеді. Соған сәйкес “Солтүстік Қазақстан облысының көшбасшы ұстаздары” қауымдастығы тәжірибе алмасу үшін Айгөз Раева ұйымдастырған Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының сертификатталған мұғалімдерінің “Мұғалімдер бірлігі” (http://vk.com/public57340715) желілік қауымдастығымен тығыз байланыс орнатты. Болашақта Оңтүстік өңірдің көшбасшы әріптестерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Өңіріміздегі желілік қауымдастықтың жұмыс жоспарына сәйкес мектептегі тәжірибе кезеңінде жасалатын басты қадамдар жөнінде пікір алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында Петропавл қаласында Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте “Тәжірибе кезеңінің қадамдары” тақырыбындағы алғашқы “дөңгелек үстел” өткізілді. Отырысқа қауымдастыққа тіркелген 18 мұғалім қатысып, бетпе-бет кезеңнен алған білімдерін тәжірибеде қолдану барысында атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Тәжірибе барысында кездесетін өзіндік ерекшеліктер мен қиындықтар туралы пікір алмасты.

“Облыстың көшбасшы ұстаздары” (http://vk.com/club 69307088) желілік кәсіби қауымдастығы өзіміздің дамуымыз арқылы өзгені дамыту қағидасы бойынша жұмыс істеуге шақырады. Әрқайсымыздың айтарымыз және өзгемен бөлісеріміз бар. Егер сіздің де айтар маңызды ойыңыз болса, әрі ол жайлы үлкен аудиториямен бөліскіңіз келсе, біздің желілік қауымдастық арқылы ғаламдық аудиториямен қарым-қатынас жасай аласыз. Қауымдастықтағы жазбалар Интернет қолданушылар үшін ашық. Сонымен қатар, іздеу жүйелері арқылы оңай табылады. Осының арқасында көпшілікке өз ойыңызды білдіруге мүмкіндік аласыз. Ең бастысы, адамдардың бір-бірімен қалай сұхбаттасқаны, сөйлескені, бір-бірінен не үйренгені, кәсіби байланыс болғаны, пікір алысатын орта қалыптастырғаны маңызды.

Асқар ҚАБДӨШЕВ,

“Облыстың көшбасшы ұстаздары” желілік қауымдастығының жетекшісі, №1 Чкалов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp